Ел ертеңі үшін жасалып жатқан әр іс маңызды. Бұл Аманкелді ауданының жергілікті билік өкілдерінің ұстанымы. №227 сайлау учаскесіне аудан әкімі Талғат Карбозов келіп, өз таңдауын жасаған еді.
— Тәуелсіз елде тұратын әр адам өз таңдауын жасауы керек. Бүгін еліміз үшін айтулы күн. Ұлтымыздың болашағына байланысты маңызды шешім қабылданады. Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы елдің ертеңі үшін жасалатын іс. Мен де өз таңдауымды жасап, дауысымды бердім. Әр қазақстандықтың берген дауысы мемлекетіміздің болашағы үшін аса маңызды, — дейді Талғат Карбозов.
Сондай-ақ, ол өз сөзінде барша қазақ елін дақпырт пен жалған сөздерге ермеуге шақырды.
Бибіт НҰРМҰХАНОВ,
Аманкелді ауданы.
Суреттерді түсірген автор.