2023 жылдың басында әлеуметтік желілерде 4,76 миллиард қолданушы бар, бұл бүкіл әлем халқының 60 пайызынан аз ғана. Дегенмен, соңғы айларда әлеуметтік желілер аудиториясының өсу қарқыны бәсеңдеді – бір жыл ішінде жаңа пайдаланушылардың өсімі 137 миллионды құрады, яғни небәрі 3%. Әлеуметтік желі тұлғаға қалай әсері етеді?
Қарым-қатынасқа, өзін-өзі жетілдіруге, бизнесті дамытуға шексіз мүмкіндіктер береді, бірақ сонымен бірге жеке адамға да, қоғамға да зиян тигізуі мүмкін. Жалпы қазір ең танымал желіліер ол Facebook(69%), YouTube (57%), Instagram (45%), TikTok (33%) және Twitter (30%), сонымен қатар BeReal (313%), Twitch (29%), LinkedIn (20%) және TikTok (16%) өткен жылдың мамыр айымен салыстырғанда ең жылдам өскен. Сонғы кезде Америка елі TikTok-таң қауіптеніп отыр деген ақпарат естіліп жатыр. TikTok шынымен қауіпті ме?!
Әлемде осы әлеуметтік желіні пайдаланудың барлық шектеулері қауіпсіздік мәселелерімен түсіндіріледі: ол пайдаланушылардың құрылғыларынан деректерді жинап, оны Қытай басшылығына жібереді. Қосымшаның АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіретіні туралы Ұлттық Қауіпсіздік кеңесінің стратегиялық коммуникациялар жөніндегі үйлестірушісі Джон Кирби айтты. Мұны АҚШ Орталық барлау басқармасының директоры Уильям Бернс те растады. Оның пікірінше, қытай билігі американдық TikTok пайдаланушыларының жеке деректерін алуға және әлеуметтік желіде қандай материалдар орналастырылғанын бақылауға мүмкіндік алады. АҚШ-тағы TikTok жұмысын шектеу туралы мәселе соңғы уақытта ең белсенді түрде қарастырылуда. Тыйымдар басқа мемлекеттерге таралды, сонымен қатар, TikTok жұмысының шектеулерін әлемнің көптеген елдері белсенді түрде қабылдауда. Шенеуніктерге қызметтік мобильді құрылғыларда әлеуметтік желіні пайдалануға тыйым салу туралы шешімді Ұлыбритания, Бельгия, Нидерланд, Канада, Чехия қабылдады.
Қарапайым тілмен айтқанда әлеуметтік желі бұл өзіңіз туралы ақпаратты жариялауға және басқа пайдаланушылармен ақпарат, фотосуреттер, хабарламалар және әртүрлі файлдармен алмасуға болатын Интернет платформасы.
Әлеуметтік желінің қолдануында өзінің мәдениетілігі бар. Бұл туралы Қостанай таңы газетінің тілшісі Жандос Балғынбекұлы былай дейді:
- TikTok-та жастар тек ыржың-тыржың, көңіл көтеруге бейімделіп жатқан сияқты. Ия, рас ақша табу керек шығар, бірақ сауатты жүргізу жағында ұмытпаған жөн. Әлеуметтік желі эмоциямен бөлісу, достарынмен қарым қатынас жасау немесе жеңіл пайда табу ғана емес. Сол секілді ол қазір бірте-бірте тәрбие бұлақ құралынада айналып келе жатыр. Өйткені біз сияқты елдің алдында жүрген журналистер осы жағына жауапты болуымыз керек.
Жалпы әлеуметтің ең басты артықшылығы достарымен, жақындарымен қашықтықта сөйлесу мүмкіндігі. Тіпті желілерде сізді қызықтыратын ақпаратты таба алатын, қызығушылық топтары да бар мысалы, фитнес сабақтарының немесе күй аспаптарында ойнау сабақтарының бейнелері. Сонымен қатар білім алушыларға оқу процесінде әлеуметтік желілер көмектесе алады. Бірақ осының бәрі жалпы адам психологиясына, эмоциясына, денсаулығына қалай әсер етеді? Интернетке тәуелділік нәтижесінде гормоналды фон да өзгеруі мүмкін. Адам шынайы қарым-қатынас жасау дағдысын жоғалтады. Жасөспірімдерге келсек қазіргі таңда олардың бірқатар проблемалары бар: зейіннің шоғырлануының төмендеуі, ақпаратқа тәуелділік, стресс, шамадан тыс жұмыс, интеллекттің төмендеуі. Сондықтан ата-аналар балаларының мінез-құлқына көбірек көңіл бөліп, жасөспірімнің әлеуметтік желілерге шамадан тыс тартылуының алдын алуға тырысып жатыр. Осыған орай өмірден алынған оқиғада бар 2015 жылы Белградтық Снежана Павлович психиатриялық ауруханаға түскен, оның себебі Facebook әлеуметтік желісіндегі жазбасы достарының қызығушылығын тудырмағаннан болды. Дәрігерлер бұл жағдайды “Снежана синдромы”деп атады.
Психолог маманы Дана Мырзахметова адамның неге әлеуметтік желіге теуелді және психологиясы калай өзгеретінің айтты.
- Адам әлеуметтік желіде алған эмоциясын қайтадан алу үшін желіге оралады. Демек, адам әлеуметтік желіде қаншалықты мақұлданса, соғұрлым көп уақытын сонда өткізеді. Сонымен қатар әлеуметтік желіде жарияланған ақпаратты адамның қабылдау ерекшеліктерімен де байланысты.Адамның денсаулығы мен психикасына ісер етеді. Яғни әлеуметтік желіден басқа адамдардың жасанды өмірін көріп, неге менің өмірім мұндай емес деп ойлайды. Өздерін іштей жеп, одан күйзеліске(депрессия) ұшырап, денсаулығына кері әсер етеді.
Сол себептен шынайы өмір тіпті ең қымбат телефонның экранынан әлдеқайда қызыққа толы екеннін ұмытпау керек. Интернетсіз және әлеуметтік желілерсіз өмір өте жағымды әрі пайдалы. Уақыттың көп бөлігін кітап оқып, тренингтерге немесе курстарға жазылыңыз, шет тілдерін үйреніңіз, спортзалға барып, сауда жасап немесе достарынызбен табиғатқа жиі бару артық болмайды. Сіз әлеуметтік желісіз өмір әлдеқайда түрлі-түсті және қызыққа толы екенін түсінесіз.
Ділназ Мужикпаева