Қазіргі таңда әлеуметтік желілер жастардың өмірінде маңызды рөл атқарады. Олар арқылы адамдар ақпарат алады, жаңа дағдылар үйренеді, таныстар табады және бос уақытын өткізеді.
Алайда, олардың жағымды әсерімен қатар, кейбір теріс тұстары да бар. Осы мәселе бойынша студенттер мен оқушылар арасында сауалнама жүргізіп, олардың әлеуметтік желілерге деген көзқарасын білген едік.
Дияр Базылбеков, 17 жаста (оқушы):
– Әлеуметтік желілер арқылы мен өзіме қажетті ақпараттарды жылдам тауып, сабаққа байланысты мәліметтермен танысамын. Сондай-ақ, шет тілдерін үйренуге және жаңа нәрселер үйренуге көмектеседі.
Әлихан Ескермес, 17 жаста (студент):
– Әлеуметтік желілерде тек уақыт өткізумен шектелмей, оларды өз пайдама қолдануға тырысамын. Онлайн курстар, вебинарлар арқылы білімімді жетілдіріп, болашақ мамандығыма қажет дағдыларды дамытамын.
Диас Мырзабай, 17 жаста (оқушы):
– Бүгінде әлеуметтік желілер жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Кейбір жастар бизнес бастаса, кейбірі шығармашылықпен айналысып, танымал бола алады. Мен өзім сурет салумен айналысамын және жұмыстарымды әлеуметтік желіге жүктеп, адамдардың пікірін білемін.
Жансерік Тұрысбек, 17 жаста (студент):
– Әлеуметтік желілер көп уақытымды алады. Кейде сабақ оқудың орнына телефонға үңіліп, мағынасыз видеолар көріп кетемін. Бұл уақытты тиімді басқаруға кедергі келтіреді.
Жастардың пікірлеріне сүйене отырып, әлеуметтік желілердің екі жақты әсері бар екенін байқауға болады. Олар жаңа мүмкіндіктерге жол ашып, білім алуға көмектескенімен, дұрыс пайдаланбаса, уақытты босқа өткізуге, жалқаулыққа, тіпті психологиялық қысымға алып келуі мүмкін.
Сондықтан әлеуметтік желілерді саналы түрде қолданып, олардың өмірімізге тигізетін әсерін үнемі бақылауда ұстау маңызды.
Жанбосын НОҒАЕВ,
Тимур ШАГИРОВ,
ҚӨУ студентері