Өңірде мұқтаж адамдарға қолдау көрсету мақсатында 3 мыңға жуық отбасына 300 млн теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Максим Устинов мәлімдеді.
«Атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарында бір мыңнан астам көпбалалы отбасы немесе 7 мың адам бар, олардың ішінде 18 жасқа дейінгі 5 мыңға жуық бала бар. Атаулы әлеуметтік көмек төлеуге және 2023 жылы кепілдендірілген әлеуметтік пакетті ұсынуға 2 млрд теңгеден астам қаражат көзделген. Сонымен қатар, 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалары бар аз қамтылған отбасылар азық-түлік жиынтықтары мен гигиеналық құралдар түріндегі кепілдендірілген әлеуметтік пакет берілді. Ал өткен жылы облыс бойынша АӘК алушылар арасында 1 жастан 6 жасқа дейінгі 5 мыңнан астам бала 47 мыңға жуық кепілдендірілген әлеуметтік пакет алды. 2023 жылғы қаңтардан бастап 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға БЖТ айына бір балаға 1,5 АЕК (5 175 теңге) мөлшерінде ақшалай төленуде. Осы жылдың 1 наурызына бастап 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға ай сайынғы әлеуметтік төлем 36 млн теңге сомасына 3 мыңнан астам балаға тағайындалды, – дейді Максим Устинов.
Сонымен қатар, жергілікті органдардың шешімі бойынша өңірдің аудан-қалалары бойынша өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға, мүгедек адамдарға жедел емделуге, 9 мамыр мереке күніне ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне біржолғы көмек, ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне тұрмыстық қажеттіліктерге ай сайынғы көмек көрсетіледі; мүгедектігі бар адамдарға және аз қамтылған отбасылардан шыққан жастарға ЖОО және ООО-да оқу ақысын төлеу, туберкулезбен ауыратын азаматтарға ай сайынғы көмек, АИТВ – инфекциясы бар балаларға ай сайынғы көмек беріліп тұрады. Өткен жылы аталған әлеуметтік көмек 1 млрд теңгеден көлемінде 16 мыңға жуық азаматқа көрсетілді. Биыл әлеуметтік көмектің осы түрін көрсетуге 1,3 млрд теңге бөлінген.
Сондай-ақ, тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), ПКСК қызметтерін төлеуге, жылу, электр энергиясы, ыстық-суық су, газ, қоқыс, телефон үшін абоненттік төлем ұсынылады. Тұрғын үй көмегін алушылардың негізгі контингенті зейнеткерлер, көп балалы отбасылар, мүгедектігі бар адамдар. Биыл аталған көмек түрін көрсетуге 105 млн теңге жоспарланған. Осы жылдың 1 наурызына аталған көмек 15 млн теңге көлемінде 1,5 мың азаматқа берілді.
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2023 жылғы қаңтардан бастап отбасының цифрлық картасы ақпараттық жүйесін енгізді. Отбасының цифрлық картасын құру мақсаты оларға проактивті форматта әлеуметтік қолдау шараларын көрсету үшін өмірлік қиын жағдайдағы отбасыларды (адамдарды) анықтау болып табылады. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы облыстың мүдделі мемлекеттік органдарымен бірлесіп атаулы әлеуметтік көмек төлеуге әлеуетті үміткерлерді пысықтау бойынша отбасының цифрлық картасына деректер жинады.
«Үстіміздегі жылдың 23 наурыздағы жағдай бойынша АӘК-ге үміткер болуы мүмкін 13 484 отбасының мәліметтер алынды. Қорытындысы бойынша 183 отбасына атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Осы бағытта жұмыстар жалғасатын болады», – дейді Максим Устинов.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ.