Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатында тарихи жеңіске жетті. Sports.kz хабарлауынша, әлемдік рейтингте екінші орында тұрған отандасымыз финалда WTA рейтингінің көшбасшысы, белоруссиялық Арина Соболенконы жеңіп, мансабында алғаш рет US Open чемпионы атанды.
Тартысты өткен финалдық кездесуде Рыбакина үш сетке созылған бәсекеде қарсыласынан 6:4, 5:7, 6:2 есебімен басым түсті.
Осылайша, Елена Рыбакина алғаш рет АҚШ ашық чемпионатының басты жүлдесін иеленді. Бұған дейін оның US Open-дегі ең үздік нәтижесі — 1/8 финалға дейін жету еді.
Қазақстандық теннисшінің чемпиондық жолы да оңай болған жоқ. Рыбакина турнир барысында америкалық Тея Фродинді, испаниялық Джессика Бусас Манейроны, украиналық Юлия Стародубцеваны, әлемдік теннистің жұлдызы Наоми Осаканы, қытайлық Чжэн Циньвэньді және америкалық Кори Гауффты жеңді.
Ал финалда әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенконы тізе бүктіріп, Қазақстан спортының тарихына тағы бір жарқын жеңіс жазды.
