Қостанайлық Талғат Жиентаев Армения мемлекетінің Ереван қаласында өтіп жатқан самбодан әлем чемпионатында алғаш рет қола жүлдеге қол жеткізді.
“Өңірімізде осы жылда жасалған барлық жұмыстың нәтижесі осы қоламен аяқталғалы жатыр”, – дейді облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының өкілдері.
Ендігі әлем чемпионаты 2025 жылы Астана қаласында өтпек.
Ал облысымыздан қатысқан екінші балуанымыз Асқар Абдулла әлем чемпионатын 5-6 орынмен аяқтағанын айта кетейік.