Әл-Фараби – әлемдік тұлға

Әл-Фараби – әлемдік тұлға

Ортағасырлық ислам мәдениеті мен философиясы өз дәуірінен озып, қазіргі күнде де адамзат игілігі үшін қызмет етуде. Екінші ұстаз атанған Әбу Насыр әл-Фараби сынды ғылымдағы ірі тұлға арқылы қазақ халқы өзін мақтан тұтады.

Әл-Фараби – қазаққа ғана тиесілі емес, ол бүкіл адамзатқа ортақ тұлға. Жарты ғасырдан астам өмірлік тәжірибесі, білімге деген құштарлығы оны Мерв пен Бағдад, Харран мен Каир, Бұхара мен Бағдад, Александрия мен Дамаскіде ғылым білгірлеріне алып келді. Осының бәрі әлемдік мәдениеттің көптеген зияткерлік және рухани дәстүрлеріне қатысы бар екендігі туралы айтуға негіз береді. Логика, медицина, математика, этика және эстетика, әдебиеттану және тіл білімі және жаратылыстану мен қоғамдық ғылымдардың басқа да салалары бойынша жұмыстар әлемнің парсы, еврей, түрік, латын, ағылшын, неміс, француз, испан, орыс, қазақ, өзбек секілді түрлі тілдеріне аударылды. Оның «Философиялық трактаттар», «Математикалық трактаттар», «Әлеуметтік-этикалық трактаттар», «Логикалық трактаттар», «Ақыл мен ғылым туралы», «Тарихи-философиялық трактаттар», «Табиғи-ғылыми трактаттар», «Музыка және поэзия туралы трактаттар» аталатын еңбектері – адамзаттың ортақ қазынасы. Әл-Фараби еңбектерінің құндылығы олардың әртүрлі ғылыми бағыттардағы серпінді болуында ғана емес, сонымен бірге оларда ойшыл адамға қызмет ету үшін әртүрлі ғылымдарды шебер синтездей алды.

Грек философтарының еңбектерінің дамуына елеулі үлес қосқан және олардың шығыс елдерінде кең таралуына ықпал еткен Әл-Фараби Шығыста жоғары бағаланды. Оның көрнекті қабілеттері, жетістіктері мен жан-жақты таланты мойындала отырып, ол «Шығыс Аристотелі» атанды. Ежелгі грек мәдени әлеміндегі Аристотель сияқты, Әл-Фарабиді ғылыми мүдделердің кеңдігі мен әмбебаптығы ғана емес, сонымен бірге бостандыққа, жеке және әлеуметтік бақытқа жетуге, жақсы болашақты іздеуге, халықтың тәжірибелік даналығына жақындығы да ерекшелеген.

Әл-Фараби шын мәнінде әлемдік деңгейдегі ойшыл, өз жұмысында араб, парсы, грек, үнді және түркі мәдениетінің жетістіктерін жинақтаған, сол арқылы әлеуметтік-философиялық, этикалық-эстетикалық, жаратылыстану-ғылыми әлемдік ойдың қазынасына құнды үлес қосқан «Алтын ғасыр» деп аталатын кезеңдегі ислам әлемінің көрнекті қайраткері болды.

Әділдікті, халықтар достығын, мәдениетті, ғылымды, ақыл-ой қабілеттерін дамытудағы барлық адамдардың теңдігін жариялаған және оларды әл-ауқатқа, бақытқа, кемелдікке жетуге бағыттаған ғалымның мұраттары әлемнің барлық халықтарының ұмтылыстарымен үйлеседі. Бүгінгі таңда ұлы ұстаз Әл-Фарабидің: «Егер халықтар бақытқа жету үшін бір-біріне көмектессе, бүкіл жер ізгілікті болады», – деген сөздері өте өзекті.

 Хадиша ШОТОЯХОВА,

Қостанай қаласы

№16 ЖББ мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Жаңалықтармен бөлісу