Арқалық қаласындағы №2 облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада 18 маусым – Әкелер күніне орай А. Байтұрсынов атындағы бастауыш гимназияның оқушыларының қатысуымен «Әкемнен артық досым жоқ» атты сурет көрмесі өткізілді.
“Аталған іс-шараны өткізудегі басты мақсат – отбасы ұйтқысы негізгі тірегі әке екенін түсіндіре отырып, оқырмандарды әкеге деген құрмет пен сүйіспеншілікке тәрбиелеу және отбасылық құндылықтарды насихаттау”, – дейді шараны ұйымдастырушылар.
Көрмеде оқушылар өздерінің бейнелеу өнеріне әуестігін байқатып, Отан, отбасы тақырыбында салған суреттерін көрсетті.
М. Бекетұлы.
Арқалық қаласы.