Әйгілі композитор Әбілахат Еспаевтың туғанына 100 жыл толды

Әйгілі композитор Әбілахат Еспаевтың туғанына 100 жыл толды

Биыл қазақ музыка өнерінің көрнекті өкілі, сырлы әндердің авторы Әбілахат Смағұлұлы Еспаевтың туғанына 100 жыл (1925–1980).

Қостанайда дүниеге келген (1925–1980) талантты сазгердің өнерге келуіне тағдырдың бұралаңы мен оны жолықтырған ұстаздары себеп болды.

17 жасында жазған алғашқы «Туған ел» әнінен бастап, ол халқымыздың рухани қорына 250-ден аса туынды қалдырды. «Аққуым», «Ақ сәуле», «Толқыным», «Әлі есімде», «Әніңді сенің аңсадым» сияқты жүрекке жылы, халықтық әуенге жақын әндері ел арасына кеңінен тарады.

Ұлы Отан соғысына қатысып, ауыр жараланған композитор кейін жауынгерлер ерлігіне арнап «Днепр туралы жыр» секілді әндер жазды. Ол тек ән емес, романс, хор, баллада жанрларында да жемісті еңбек етті.

Әндерін Роза Бағланова, Бибігүл Төлегенова, Нұрғали Нүсіпжанов, Ескендір Хасанғалиев сынды саңлақтар орындаса, бүгінгі буын әншілер де репертуарына енгізіп келеді.

Өкінішке қарай, халқына сүйікті болғанымен, талант иесіне өмірінде жоғары атақ бұйырмады. 100 жылдық мерейтойы да биыл елеусіз өтетін сияқты.

Ұлттық музыка өнерін байытқан композитордың мұрасын ұлықтау – бәрімізге ортақ парыз.

Жанайым Балғынбекқызы,

ҚӨУ студенті