Әйелге қол көтерген жазасыз қалмайды

Әйелге қол көтерген жазасыз қалмайды

Отбасы мүшелеріне қол көтеретін азаматтар сот шешімімен үйінен уақытша шығарылуы мүмкін.Сотқа осындай құзыр беріледі. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді. Әйелдер мен балаларды қорғау заңнамасына бірнеше өзгеріс енгізілетін болады. Осыған орай Ішкі Істер органдарында жаңа бөлімше құрылып, отбасындағы зорлық-зомбылық істерін арнайы полицейлер тергемек.

Бұл мәселені Қ.Тоқаев та өзінің сұхбатында айтып, көтерген болатын:

«Әйелдер мен балаларға жасалған зорлық-зомбылыққа қатысты қылмыстарды тергеумен әйел тергеушілер айналысатын болды. Сондай-ақ ішкі істер органдарында әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғаумен шұғылданатын мамандардың штаты қалпына келтіріліп, олардың құзыреті күшейтілді», –  деген еді Президент.

Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіруді және ұрып-соғуды қылмыстық жауапкершілікке тарту жоспарланып отыр.

“Құқық бұзушының мінез-құлқына қойылатын ерекше талаптар шеңберінде сотқа «агрессорды» тұрғын үйден уақытша шығару құқығы беріледі. Сонымен қатар оған әлеуметтік бейімделу орталықтарында өз іс-әрекеттерін уақытша қарастыру ұсынылады. Сот «агрессордың» денсаулық сақтау ұйымдарында міндетті психокоррекциялық курстардан өтуін тағайындауға құқылы болады”, – дейді ҚР Ішкі істер минстрлігінің мамандары.

Жаңалықтармен бөлісу