Қостанайда «AMANAT» партиясы облыстық филиалы Әйелдер қанатының белсенді мүшелері кездесті. Іс-шара барысында 2024 жылғы қызметтің қорытындылары шығарылып, 2025 жылға арналған негізгі мақсаттар мен басым бағыттар айқындалды.
Кездесу аясында әйелдердің қоғамдық-саяси өмірдегі рөлін нығайтуға, көшбасшылық әлеуетін дамытуға және өңірдегі әлеуметтік бастамаларды қолдауға бағытталған Әйелдер қанаты жүзеге асырып жатқан жаңа жобалар таныстырылды.
«Гендерлік теңдікті ілгерілету үшін бір жыл бұрын құрылған «AMANAT» партиясының Әйелдер қанаты қоғамда ерекше рөл атқарып келе жатыр. «AMANAT» партиясының жұмыс бағытымен елдің саяси, әлеуметтік және мәдени өміріне белсенді қатысады. Бұл бағыт – бастамаларды біріктіру және әйелдердің қоғамдық-саяси өмірге белсенді қатысуы үшін маңызды платформаға айналды», – деп атап өтті «AMANAT» партиясы облыстық филиалының Әйелдер қанатытының төрағасы Гүлсара Жаманқұлова.
«AMANAT« партиясының Әйелдер қанаты әйелдердің елдің қоғамдық—саяси өміріндегі өсіп келе жатқан рөлін көрсете отырып, өз қызметінің көкжиегін белсенді түрде кеңейтуді жалғастыруда.
Мәселен, Қостанай облысында 197 ауылдық округінің 31—інді әйел адамдар әкім қызметін атқарып жүр. Олардың барлығы «AMANAT«партиясының мүшелері. Бұл факт әйелдердің саяси процестерге сәтті қатысып қана қоймай, өз аймақтарының стратегиялық дамуын анықтайтын негізгі қызметтерді атқаратындығын айқын көрсетеді.
«Саяси саладағы әйелдердің ұстанымын одан әрі нығайту үшін «AMANAT« партиясы Орталық аппаратының Саяси менеджмент Академиясымен бірлесіп, партиялық кадрлық резервті қалыптастыру шеңберінде «Таңшолпан» партиялық жобасын іске қосып, экономика, мәдениет және әлеуметтік саясат салаларындағы әйелдерді қолдауға бағытталған жаңа бастамаларды іске асыру жоспарланып отыр. «AMANAT« партиясының Әйелдер қанаты бір жыл ішінде өзін сенімді түрде көрсетіп, белгілі бір нәтижелерге қол жеткізді. Алда жаңа жобалар, жаңа шыңдар мен жаңа жеңістер күтіп тұр. Біз қоғам игілігі үшін біріктіруді, шабыттандыруды және әрекет етуді жалғастырамыз», – деді Гүлсара Жаманқұлова.
Кездесуде «ЭлитОптика 2011» ЖШС және «Вералайн» ЖШС-мен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылады. Бұл құжаттар Қостанай облысындағы әйелдердің өмір сапасын жақсартуға және әл-ауқатын арттыруға бағытталған бірлескен жобаларды жүзеге асыруға жаңа мүмкіндіктер ашады.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Суретке түсірген – Жансая Сәбитбек