Әйелдер форумы өңір бойынша алғаш рет Қостанай облысында өтіп жатыр

Әйелдер форумы өңір бойынша алғаш рет Қостанай облысында өтіп жатыр

Бүгін Қостанайда «Ауыл әйелдерінің көп қырлы әлеуеті» атты форум басталды. Ауа райының бұзылуына қарамастан, алыстағы ауылдардан жүздеген қыз-келіншектер келіп қатысты. Солардың бірі – Жанкелдин ауданынан келген Ботагөз Саматова. ол форумда ауыл әйелдеріне қатысты ауқымды мәселелер көтерілгенін айтады.

“Біз Жанкелдин ауданынан үш нәзік жан арнайы қатыстық. «Қазақстандағы ауыл кәсіпкерлігі», «Ауылдағы өмір сүру жағдайлары» тақырыптары көтерілді. Әйелдердің көбі – ауылда тұрады. Қаладағы әйелдерге қарағанда, ауыл әйелдерінің ақпаратқа қол жеткізуі қиын. Сондықтан ауыл әйелдерінің әлеуеті толық ашылмай отыр. Мұндай жиындар жиі өткізіліп тұрса екен”, – дейді Жанкелдин аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Ботагөз Саматова

Бұл іс-шара өткен жылдың күзінде өткен ауыл әйелдерінің І республикалық жиынының жалғасы. Еліміздің облыстары арасында Қостанай облысы өткізуге бірінші болып бастама көтерді.

 «Форумның атауын «ауыл әйелдерінің көп қырлы әлеуметі» деп атадық. Өйткені, ауылдағы қыз-келіншектердің әлеуетін жақсарту. Бұл жолы енді танылып келе жатқан жандарды танытқымыз келді. Қазір бізді біріктіретін және мұқият назар аударуды қажет ететін мәселелерді көрсету үшін біз күш біріктіруге дайынбыз. Әрине, жалпы міндеттер көп, бұл бізді біртұтас және жақсы нәтижеге жетуге сенімді етеді», – дейді Қостанай облыстық «Ауыл» партиясының төрағасы, «Мейірім құшағы» комиссиясының Қостанай облысы бойынша төрайымы Ғайния Есеева.

Ауқымды іс-шарада «Хас шебер» қауымдастығының ұйымдастыруымен қолмен құрақшаны қолданып, елімізде тұңғыш рет ені алты метр, ұзындығы 15 метрлік туды дайындағаны үшін қолөнерші Айгүл Бекболатоваға Қазақстан рекордтар кітабына енгені үшін сертификат табыс етілді.

Сондай-ақ, форумда әйелдер резервін дайындау бойынша жүйелі жұмыстарды ұйымдастыруға, барлық өңірлерге ауылдық жерлерге бағытталған саяси көшбасшылық мектептер құруға, ауылдық жерлердегі әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық фактілерін, сондай-ақ, мәдени-адамгершілік даму мәселелерін ерекше бақылауға алуға, еңбекақы алшақтығына байланысты ауыл әйелдерінің теңсіздігін төмендету саясатына ерекше назарға алу мәселелері ұсынылды.

Бағдарлама аясында қазақ ұлттық замауни киімдердің дефилесі өтті.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ

Суреттерді түсірген Бағдат Ахметбеков

Жаңалықтармен бөлісу