“Әдемі” әні қалай танымал болды?

“Әдемі” әні қалай танымал болды?

Көрнекті ақын, жерлесіміз Ақылбек Шаяхметтің сөзіне жазылған «Әдемі» әнін білмейтін қазақ баласы кемде-кем. Балалардың да, ересектердің де аузында жүрген танымал туындылардың бірі.

Мұның ел ішіне кең тарауына себепші болған өнерпаз – белгілі әнші, «қазақтың Диммиі» атанған Заттыбек Көпболсынұлы. «Әдемінің» әдемі әнге айналу тарихын бізге ақынның өзі баяндап берді.

«Өлеңіме Ғұсман Наурызбаев деген ақын жігіт ән шығарған еді. Оны өзі ғана орындап жүрді де, халыққа кең таныла қоймады. Бір күні «көк жәшікті» басып қалсам, Заттыбек Көпбосынұлы менің осы өлеңімді айтып жатыр. Сосын Заттыбектің телефонын тауып алып хабарластым. Сөйтсем, марқұм сазгер Ержан Серікбаев сол өлеңімді тауып алып, ән шығарған екен. Бұл әнге кейін бейнебаян түсірілді. Танымал болды. Заттыбек Қостанайға келген гастрольдік сапарында айтты. Концерттерінде үнемі орындап жүр», – дейді Ақылбек ағамыз.

Қостанайлық қаламгерлердің өлеңіне арқау болған әндер, тіпті авторлық әуен-саздар аз емес. Мәселен, сіз халыққа ерекше туындыларымен танылған жергілікті қандай авторларды білесіз?

Суретті түсірген – Жансая СӘБИТБЕК

Жаңалықтармен бөлісу