2 июня, 2025
Әдебиеттанушы, ғалым Сейіт Қасқабасов дүниеден озды

Әдебиеттанушы, ғалым Сейіт Қасқабасов дүниеден озды

Белгілі әдебиеттанушы, фольклортанушы ғалым, Ұлттық Ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сейіт Қасқабасов 85 жасқа қараған шағында өмірден өтті.

Саналы ғұмырын қазақ фольклортану ғылымына арнаған ғалымның 500-ден аса мақаласы мен 100-ге тарта кітабы жарық көрді. Сондай-ақ, бес томдық таңдамалы шығармалары жинағы шықты.

Академик Сейіт Қасқабасов өз еңбектерінде ұлттық фольклордың теориясы мен тарихын, әдебиет пен өнер проблемаларын, этнография мен ауыз әдебиеті мұраларына қатысты іргелі еңбектердің авторы.

Сейіт Қасқабасовтың өмір жолы мен шығармашылығы туралы түсірілген «Тұлға» бағдарламасы «Qazaqstan TV» YouTube арнасында: https://youtu.be/WP_cup3TsbQ?si=xosVGpLyFpLRxAzm