Қостанайда Адиля Әлібек есімді қыз медициналық көмекке мұқтаж. Оған “Микротия Атрезия” диагнозы қойылып отыр. Дәрігерлер құны 48 800 000 тұратын шұғыл ота жасау керектігін айтып кеңес берген.
Адиляның сол құлағы туылғаннан естімейді. Ал екінші құлағының дыбыс қабылдау қабілеті 75% ғана.
“Қазіргі кезде қызымның кемістігін жасанды құлақ орнатып, бас сүйекті тесу арқылы шешуге болады. Өкінішке орай, мұндай операция жасауға біздің елімізде мүмкіндік жоқ. Алайда АҚШ-тың білікті дәрігері Джозеф Роберсон үміт отын сыйлап, операция жасауға келісімін беріп отыр”, – дейді Ерболат Қуанышев.
Бұрындары балабақшада балалар оны: “құлағың жоқ” деп мазақтайтын. Есік алдында ойнап жүріп, үйге жылап келген кездері болған. Биыл Адиля бірінші сыныпқа барғалы отыр.
Елімізде ондай операция жасайтын маман жоқ екен. Себебі неден екенін, зерттейтін институтта ондай ғылым жоқ. 2023 жылдың өзінде 666 бала осы диагнозбен дүниеге келген.
“Қазақстан халқына қоры мен ҚР Денсаулық сақтау министірлігі оған квота бермей отыр. Себебі, шет елге емге жіберетін диагноздардың санатына кірмейді екенбіз. Қажет десеңіз, Адиляның барлық медициналық құжаттарын көрсетуге, кез келген уақытта кездесуге әзірміз. Алдын-ала алғысымды білдіремін!”, – дейді Адиляның әкесі.
Қаршадай қызға көмек қолын созуға дайын азаматтарға болса, реквезиттері төмендегідей:
КАСПИ ГОЛД:
💳4400 4301 4814 8775
📲+77474069685 Ерболат К
НАРОДНЫЙ БАНК
💳4405 6397 4767 6763
📲+77474069685
YERBOLAT KUANYSHEV