16 мая, 2025
«Адал еңбек — ел дәулеті»: Қостанайда қос облыстың командалық айтысы өтіп жатыр

«Адал еңбек — ел дәулеті»: Қостанайда қос облыстың командалық айтысы өтіп жатыр

Бүгін Қостанайда ұлт өнері байрақ көтереді. Сәлден соң Тобыл-Торғай мен Түркістан командалары арасында айтыс басталады.

Тұрпаты бөлек рухани жобаның бас демеушісі – AMANAT партиясы. Командалық айтыстың Қостанайда өтуіне облыс әкімдігінің Мәдениет басқармасы қолдау көрсетті.  Бұл өнерпаздар аламанында ақындар ғана емес, қос өңірдің жыршы-термешілері, дәстүрлі әншілері, күйшілері сайысқа түседі.Қостанай облысының намысын айтыс ақтаңгері Айбек Қалиев, ақындар — Батырлан Сағынтаев, Айбар Рағат, Жібек Шахмарданқызы, Нұрислам Рағат, өнерпаздар — Манарбек Кәдіров, Қыдырбек Қиысхан, Абзал Алпысов және Данияр Рысбек қорғайды.
Түркістандық өнерпаздар көшін айтыс арыстаны Бекарыс Шойбеков бастап, жас ақындар — Аян Ниязбек, Қажымұхан Абзалов, Дәурен Ақсақалов, Шахмардан Бекарысұлы, әнші-күйшілер — Руслан Ахинбеков, Оразалы Жаңабай, Аязбек Рустамов, Шыңғыс Исаев қостай келген.Топтық доданы елге есімі белгілі ақын Аманжол Әлтаев жүргізеді. Қазылар алқасының төрағасы — қазақ айтысының тұтқа-тұлғасы, көрнекті ақын Жүрсін Ерман.

 

Суреттерді түсірген — Бердіболат Көркембаев