«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтар мен тәжірибе бірлігі

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтар мен тәжірибе бірлігі

Амангелді ауданы білім бөлімінің Қарынсалды негізгі орта мектебінде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында аудандық семинар өтті.

blank


Семинар жұмысына жалпы білім беретін мектептердің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, аға тәлімгерлер мен сынып жетекшілері қатысты.

blank


Іс-шара салтанатты түрде ашылып, бағдарламаға сәйкес психологиялық тренингтер, шеберлік сабақтары, ашық тәрбие сағаттары және спорттық шаралармен жалғасын тапты.

blank


Семинар аясында зейнеткер ұстаз, қолөнер шебері Молдағалиева Гүлсін Борашқызы оқушыларға арналған «Қазақтың төл өнері» тақырыбында ұлттық өнер бағытындағы шеберлік сабағын өткізді.

blank

Шеберлік сағатында қатысушыларға көшен көрпені тігу әдісі таныстырылып, қазақ қолөнерінің ерекшеліктері насихатталды.

blank


Іс –шара мектеп өнерпаздарының дайындаған концерттік бағдарламасымен аяқталып, семинар барысында тәжірибесін көрсеткен мұғалімдерге Амангелді ауданы білім бөлімінің сертификаттары табыс етілді.

АҚБАЯН ТЕМІРЖАНОВА