Абаттандыру жұмыстары аяқталып қалды

Абаттандыру жұмыстары аяқталып қалды

Қала күніне дейін орталық алаңды және жағалауды абаттандыру жұмыстары аяқталады. Сондай-ақ, “Шағала” жағажайы Триатлон паркімен байналысатын болады. Ол аумақта тас төсем төселіп, велесипд жолы жасалмақ. 

Қала аумағында абаттандыру жұмыстарымен бірге “Таза Қазақстан” бағдарламасы шеңберінде тазалық жұмыстары қатар жүргізілуде.

Өткен сенбіде облыс әкімі мен қала басшысы жағалау аумаығнда өткен сенбілікке шыққан еді.

“Қазір орталық алаңда тас төсемдерді ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, жарықтандыру орнатылып, автоматты суару жүйесі бойынша жұмыстар атқарамыз. Жалпы жұмыс үш кезең бойынша атқарылуда. Алғашқы кезектегі жұмыс толығымен аяқталды. Жарықтандыру, суару жүйесі мұның бәрін қала күніне дейін толығымен айқтауды көздеп отырмыз”, – дейді қалалық ТКШ бөлімі басшысының орынбасары Алтынбек Қайратұлы.

 

“Шағала” жағажайына келер болса, тасқын су біраз инфрақұрылымға зақым келтірді. Қазір барлығын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Мемлекет қайраткері Кенжеғали Сағадиевтің ескерткішінің жаны да бүлінген. Тас төсемдер суға көтеріліп, жарамыз болып қалған.

“Мұның бәрі су тасқынының салдары. Қазір қоршауларды орнына қойып, сырлап жатырмыз. Тиісінше жағалау аймағындағы барлық бүлінген дүниелер қалыпқа келтірілуде. Жағалау жиектеріндегі тастарды алмастырамыз. “Шағала” жағажайы мен қалалық жағалау арасын байланыстырамыз. Жаяу жүргінші үшін тас төсем төселіп, веложол жасалады. Эко-орындықтар мен 88 эко-қоқыс жәшігі қойылады. Жағалау аймағына 10 мың текшеден астам құм төселеді. Тиісінше шатырлар орнатылады”, – дейді Алтынбек Қайраұлы.

Қала әкімі Марат Жүндібаевта аппараттық кеңесте жұмыстарды қала күніне дейін тиянақтауды тапсырды.

Сералы МЫРЗАБАЙ

Суреттер Бердіболат Көркембаевтың архивінен алынды

Жаңалықтармен бөлісу