Аудандық және қалалық полиция бөлімдері бастықтарының сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі орынбасарларымен кездесу өткізілді.
Кездесуге спикер ретінде ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистранты Қайрат Сүйіндіков, «Әділдік жолы» ҚБ облыстық филиалының басшысы Әсет Байлин, облыс әкімі аппаратының қызметкері Петр Павлина қатысты. Кездесудің модераторы облыс әкімінің кеңесшісі Әлжанова Анжела болды.
Полиция органдарының қызметкерлерімен кездесудің мақсаты құқық қорғау органдарына халықтың құқықтық санасы мен сенім деңгейін арттыру, ведомствода сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік таныту.
Кездесуде мемлекеттік мекемелердің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу, басшылардың дербес жауапкершілігін күшейту және әдеп қағидаларын сақтау мәселелері айтылды.
Бұдан әрі сыбайлас жемқорлық және басқа да заң бұзушылықтар фактілерінің алдын алу, жолын кесу және анықтау мақсатында облыстың аудандары мен қалаларына барумен бірқатар бірлескен іс-шаралар өткізу жоспарланған.