Қазақстанда жаңа мемлекеттік наградалар енгізіледі

Қазақстанда жаңа мемлекеттік наградалар енгізіледі

Мемлекеттік наградалар қатары «Шәмші Қалдаяқов» медалі және «Қазақстанның еңбек сіңірген суретшісі» құрметті атағымен толықпақ. Тиісті заңнамалық түзетулер Құрылтайда бірінші оқылымда мақұлданды.

Жаңа марапаттар музыка, мәдениет және бейнелеу өнерінің дамуына елеулі үлес қосқан азаматтардың еңбегін мемлекеттік деңгейде бағалауға бағытталған.

Өнер өкілдері марапаттың беделі әділ іріктеу, нақты өлшемдер мен лайықты еңбекке негізделуі керегін атап өтті. Сондай-ақ еңбегі көпшілікке кеңінен таныла қоймаған майталмандар мен дарынды жастарды да назардан тыс қалдырмау маңызды екені айтылды.