Күн тәртібінде «2027–2029 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасы бірінші оқылымда қаралады. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» заңға енгізілетін түзетулер екінші оқылымда қаралады.
Құрылтайдың кезекті отырысы бүгін сағат 10:00-ге жоспарланып отыр
Отырыстың тікелей эфирін Құрылтайдың ресми quryltai.kz сайтынан, YouTube арнасынан, сондай-ақ 24KZ және Jibek Joly республикалық телеарналарынан көре аласыздар.
Отырыс қорытындысы бойынша республикалық бюджет жобасына қатысты БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізу жоспарланған.
