«Қазақстан өзінің инвестициялық көкжиегін шикізат секторынан тыс кеңейтуде» деген тезис жай ғана экономикалық үрдісті емес, Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасындағы сапалық өзгерісті көрсетеді.
Онжылдықтар бойы құқықтық режим жер қойнауын пайдалануға және шикізаттық келісімшарттарға негізделіп құрылды. Бүгінде вектор шикізаттық емес секторларға (IT, финтех, АӨК, логистика, «жасыл» энергетика) қарай ауысып келеді, бұл институттарды түбегейлі трансформациялауды талап етеді:
-
АХҚО мен ағылшын құқығына сүйену. Сервис және технологиялық салаларға капитал тарту үшін континенттік құқықпен қатар Common Law нормалары енгізілді. Бұл инвесторларға түсінікті корпоративтік құралдарды, зияткерлік меншікті қорғауды және АХҚО-ның тәуелсіз Сотын ұсынады.
-
Жария-құқықтық тетіктерді бейімдеу. Шикізаттық емес салалар рентабельділікке сезімтал. Мемлекет Инвестициялар туралы келісімдер (Investment Agreements) институтын дамытып, ұзақ мерзімді салықтық және кедендік преференциялар беруде.
-
Институционалдық тұрақтылыққа сұраныс. Өндіруші сектордан айырмашылығы, жоғары технологиялық бизнес реттеуші ортаның болжамдылығына, әкімшілік қысымнан қорғалуға және сот жүйесінің ашықтығына аса тәуелді.
Осылайша, инвестициялық көкжиекті кеңейту – ең алдымен, жақын болашақтағы құқықтық міндет. Ресурстардан технологияларға көшу үдерісінің табысты болуы институттардың сапасына, меншік кепілдіктеріне және заңнаманың тұрақтылығына байланысты.
Рашит Нұрмағамбетов,
ғылыми жұмыс жөніндегі директордың орынбасары,
заң ғылымдарының кандидаты, доцент
