Маңғыстаудағы әскери қызметшілердің қазасы: жауапты лауазымды тұлғалар анықталды Фото: kaztag.kz

Маңғыстаудағы әскери қызметшілердің қазасы: жауапты лауазымды тұлғалар анықталды

Маңғыстау облысында оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза болуына қатысты тергеу жалғасып жатыр.

Тергеу аясында оқиға орны тексеріліп, 30-дан астам әскери қызметші жауапқа тартылды. Құжаттар мен бейнематериалдар тәркіленіп, 12 сараптама тағайындалған.

Құзырлы органның мәліметінше, әскери қызметке салғырт қарады деген күдікке ілінген лауазымды тұлғалар анықталған. Олар ауа райы жағдайларын ескере отырып, жеке құрамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдамаған және құтқару жұмыстарын тиісті деңгейде ұйымдастырмаған деп күдікке ілініп отыр.

Тергеу барысында күдіктілердің әрқайсысының әрекетіне құқықтық баға беріліп, тиісті процестік шешімдер қабылданады.