Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов өңір тұрғындарын Отбасы күнімен құттықтады.
Өз құттықтауында облыс әкімі отбасының адам өміріндегі айрықша маңызына тоқталып, ұрпақ тәрбиесі мен елге деген сүйіспеншіліктің негізі ең алдымен шаңырақтан басталатынын атап өтті.
“Отбасы – әр адамның ең қымбат құндылығы, ұрпақ тәрбиесінің алтын бесігі. Отанға деген сүйіспеншілік пен елге деген құрмет ең алдымен отбасынан қалыптасады. «Отан – отбасынан басталады» дейді дана халқымыз. Берекелі жанұя – берік мемлекеттің тірегі. Әр шаңырақта сыйластық, мейірім мен жылулық орнасын. Баршаңызға зор денсаулық, амандық, бақ-береке, баянды бақыт тілеймін”, – деді әкім.
