BoxRec порталы салмақ дәрежесіне қарамастан жасалған әуесқой боксшылардың жаңартылған әлемдік P4P рейтингін жариялады.
Жаңартылған тізімде жеңіл салмақта өнер көрсететін Өзбекстанның Олимпиада чемпионы Абдумалик Халоков бірінші орынға көтерілді. Екінші сатыға ресейлік ауыр салмақ өкілі Муслим Гаджимагомедов жайғасса, оның отандасы Всеволод Шумков үздік үштікті түйіндеді.
Жалпы алғанда BoxRec рейтингінің үздік 15 боксшысы арасында Өзбекстанның бес өкілі бар.
🇰🇿 Қазақстан атынан алғашқы 15 боксшының қатарына тек Абылайхан Жүсіпов енді. Бірінші орта салмақта жұдырықтасатын отандасымыз әлемдік P4P рейтингінде 12-орынды иеленді. Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов 24-сатыда тұр.
