ҚОСТАНАЙЛЫҚ АРСЕН МҰРАТОВ — ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ

ҚОСТАНАЙЛЫҚ АРСЕН МҰРАТОВ — ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ

Қазақстан құрамасы Оңтүстік Кореяның Хангвон қаласында өтіп жатқан пара оқ атудан Әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды!

Бүгін, 10 қыркүйекте командалық жарыстың R1 — 10 метр қашықтыққа пневматикалық винтовкадан оқ ату дисциплинасында Қазақстан құрамасы 1854,4 ұпай жинап, үздік үштіктен көрінді.

blank

Қола жүлдеге қол жеткізген құрама сапында Қостанайдың спортшысы Арсен Мұратов, сондай-ақ Еркін Ғаббасов пен Ардақ Оторбаева өнер көрсетті.

Айта кетейік, тірек-қимыл аппараты зақымданған спортшылар арасындағы пара оқ атудан Әлем чемпионаты 10–15 қыркүйек аралығында Хангвон қаласында өтуде. Байрақты бәсекеге 53 елден 350-ге жуық спортшы қатысып жатыр.

Чемпионатта Қазақстан намысын Севда Алиева, Айгерім Төлегенова, Никита Ермаков, Анна Довгелеевич, Жұлдыз Бухарбаева, Айсұлу Мұқашбекова және Александр Пасхалиди де қорғауда.

Қымбат ДОСЖАНОВА