Неке қиюға деген қызығушылық әсіресе жаз мезгілінде артқан. Биыл маусым айы ең жоғары көрсеткішпен көш бастады. 15 мыңнан астам жұп дәл осы айда қарым-қатынасын ресми түрде рәсімдеген.
Тамыз айында 11 761 жұп, ал шілдеде 11 674 жұп шаңырақ көтерген.
Осылайша, үш жаз айында Қазақстанда38 мыңнан астам некеқиылған. Бұл жыл басынан бергі сегіз айда тіркелген барлық некенің жартысынан көбін құрайды.
Жыл сайын қыркүйектің екінші жексенбісінде аталып өтетін Отбасы күні қарсаңында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы еліміздегі неке қию көрсеткіштеріне қатысты статистиканы жариялады.
2026 жылдың қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 74 648 неке ресми түрде тіркелген.
«АХАТ функциялары 2023 жылғы 1 шілдеден бастап Мемлекеттік корпорацияға берілді. Содан бері біздің қызметкерлер шамамен 400 мың неке тіркеп, 1 миллионнан астам туу туралы куәлік берді. Әрбір көрсетілген қызметтің артында азаматтардың өміріндегі маңызды оқиғалар тұр. Сондықтан біз қызмет көрсету үдерістерін жетілдіруге, цифрлық сервистерді дамытуға, мемлекеттік қызметтерді азаматтар үшін барынша ыңғайлы, қолжетімді және сапалы етуге басымдық беріп келеміз», –деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ Басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев.
