Арқалықта әкімдердің есеп берулері жалғасын тапты

Арқалықта әкімдердің есеп берулері жалғасын тапты

Қала әкімі Әмірхан Асановтың ауылдарға сапары Восточный және Үштөбе ауылдарында жалғасты.

Халықпен кездесулерде әдеттегідей алдымен қала басшысының есебі тыңдалып, ауыл әкімдерінің атқарған жұмыстарын қаузаған баяндамасы тыңдалды.

blank blank

Әкім таныстырып өткендей Арқалық қаласын елді мекендермен байланыстыратын жергілікті маңызы бар жолдардың ұзындығы — 261,2 шақырымды құрайды.Есепті кезеңде 49 млн. теңгеге қаланың оңтүстік айналма жолының 1,7 шақырым учаскесіне ағымдағы жөндеу жүргізілуде. Сонымен қатар, Ашутасты ауылына кіреберіс жолға 4 млн. теңгеге 3 су өткізгіш құбыр орнатылды. «Алуа–Жаңақала» автожолының 25-шақырымындағы көпірді 33 млн. теңгеге жөндеу жұмыстары басталды.

Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 59,5%-дан 60,5%-ға дейін (қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың ұзындығы 158 км) өседі.

Қала әкімінің халық алдындағы есебінен кейін ауыл әкімдерінің баяндамаларына назар аударылды.

Восточный ауылның жалпы жер көлемі 39 мың 160 га, оның ішінде егістік алқаптары 32 мың гектер. Ағымдағы жылдың 1 тамызға текті ауыл халқының саны 977 адамды құрады. Аула саны 296 үй, оның ішінде 35 аула бос.

Ауыл аумағында Восточный жалпы білім беретін орта мектебі, фельдшерлік-акушерлік пункт, мәдениет үйі, кітапхана, почта, наубайхана, орталық монша орналасқан. Сондай-ақ 2 ЖШС, 12 шаруа қожалығы, 14 жеке кәсіпкер,4 азық-түлік дүкендері жұмыс істейді.

Биыл «Таза Қазақстан» жобасы аясында Қостанай облысы әкімдігінің ұйымдастыру-бақылау бөлімінің инспекторы Восточный ауылында санитарлық жағдайды жақсарту және қоғамдық орындардың тазалығын қамтамасыз ету мақсатында жұмыс сапарымен келген. Ауыл аумағын тексеру барысында зерделеу жүргізіліп, санитарлық талаптарға сай келмейтін, яғни уйлердің артыдағы қоқыстар, тазартылмаған боқаттар, сынған қоршаулар сынды108 орын анықталған. Аталған учаскелер фотоға түсіріліп, тиісті жұмыстарды ұйымдастыру қажеттілігі белгіленді. Қазіргі уақытта 65 орын тазартылды немесе 60%.

Үштөбе ауылында халық саны 255 адамды құрайды.Экономикалық тұрғыдан жұмыспен қамтылған халық 131 адам, зейнеткерлер – 19 адам.Аула саны — 51.

Ауылда ауыл шаруашылық саласында 41 жұмыс істеп тұрған ауыл шаруашылық тауар өндірушілері бар. Барлығы 36 шаруа қожалығы,5 жауапкершілігі шектеулі серіктестік тіркеліп, өз қызметтерін атқаруда.

Есеп беру — кездесулерде сала басшылары да өз құзыреттіліктері бойынша ақпараттарын берді.

blank blank blank blank blank blank blank

Ағымдағы кезеңде ауыл әкімі мен учаскелік инспектордың бірлескен шара қабылдау тарапынан Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабы бойынша Үштөбе ауылында 5 ескерту беріліп, 408 — бап бойынша 44 айыппұл салынған.

Жиын қорытындысында қала әкімі ауыл тазалығына баса назар аударуды, сондай-ақ алдағы қысқа ерте бастан қамдануды тапсырды.

Мұрат Жүнісұлы

Суреттерді түсірген – автор

                                                                                                               Арқалық қаласы