Рудный қаласының әкімі Виктор Ионенко Roza Zargerli-ні қала күні болардан екі апта бұрын кездейсоқ Instagram-нан клипін көріп қалғанын айтады.
Сол кезде оны Рудныйға шақыру керек деген ой келген. Сөйтіп, телефон соғып, екі сағаттан кейін-ақ оның келуге дайын екендігі туралы жауап алған. Әншіге қала әкімі арнайы гүл шоқтарын сыйға тартып, жиналғандарды мейраммен құттықтады.
«Осы орайда барлық қала тұрғындарын мерекемен, туған қаламыздың туған күнімен шын жүректен құттықтаймын! Ең алдымен, баршаңығза зор денсаулық тілегім келеді. Әрине, бейбіт аспан тілеймін. Бұл – біз әрдайым басты орынға қойып, айтып жүруге тиіс ең маңызды құндылықтардың бірі. Бүгінде елімізде де, қаламызда да бейбіт өмір қалыптасқан. Осы тыныштық пен тұрақтылық әрдайым сақталсын», – деді Виктор Ионенко.
Сералы МЫРЗАБАЙ
