Арқалықтың ардагерлері ұйымшыл. Олар ынтымақ пен бірліктің ерен үлгісін Құрылтай сайлауында көрсете білді.
Ел тынысындағы маңызды шараға ардақты аналар қауымы да атсалысып, өздері өмірге әкелген ұрпақтарының ертеңгі жарқын болашағы үшін бірліктің туын тікті.

Әжелер әнімен, сәнімен келіп А.Құнанбаев атындағы мектеп-гимназияда орналасқан №106 сайлау учаскесінде әсем бір көрініс айшығын тапты.
«Бүгін біздің еліміз үшін ең маңызды күн. Жаңа құрылған Құрылтайымыздың сайлауы күні. Мен өз дауысымды беріп шықтым. Біз үшін, отбасы, аналар үшін еліміздің, балаларымыздың болашағы жарқын болса екен, аспанымыз ашық, күндеріміз жарық болып, мемлекетіміз дамып, халқымыз елдің игілігін көріп, әрбір отбасына бақыт құсы қонса екен деймін»,-дейді қалалық Аналар кеңесінің төрағасы, Арқалық қаласының құрметті азаматы Бақытжамал Қалтаева.

Ал, осы учаскеде өз таңдауын жасаған қалалық Әжелер кеңесінің төрағасы Сәуле Қабылдақызына сайлау комиссиясының төрағасы Серікбай Ешімғалиев арнайы сыйлық табыстады.

Мұрат ЖҮНІСҰЛЫ
Суреттерді түсірген – автор
