Мемлекеттік әнұран шырқалып, №21 сайлау учаскесі дауыс берушілерге есігін айқара ашты.
Учаске бойынша сайлаушылар тізімінде 2149 азамат бар. Сайлау бюллетеньдері толық көлемде алынып, комиссия жұмысқа кірісті.

«Қазіргі таңда учаскеде әртүрлі саяси партиялар мен қоғамдық-саяси қозғалыстардан келген байқаушылар, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысып отыр. Бұл сайлау үдерісінің ашық әрі заң талаптарына сай өтуіне мүмкіндік береді», — дейді №21 сайлау учаскесінің төрағасы Бауыржан Кажиякбаров.
Сондай-ақ бұл сайлау учаскесінде алғашқы рет 17 адам дауыс бергелі тұр.

Мұнда дауыс беруге келген алғашқы сайлаушыларға сыйлықтар таратылуда. Таңнан бірінші дауыс бергендердің бірі – Мұратбек Тайжанов. Ол таңдау жасауды азаматтық міндетім деп санайды.