Арқалықтағы Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

Арқалықтағы Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

Қазақ халқының кемеңгер ақыны Абай Құнанбайұлының туған күніне орай елімізде кең көлемде аталып өтіп жатқан Абай күнін арқалықтықтар да елеулі үн қосты.

Орталықта орналасқан Абай ескерткішінің алдына қаладағы облыстық №2 ғылыми-әмбебап кітапханасының ұжымы оқырмандарымен бірге келіп, көрме қойып, тағзым етті.

blank blank blank blank blank blank blank blank blank

Ұлттың рухани құндылықтарын дәріптейтін елеулі күнде кітапхана басшысы Сәуле Алматова сөз алып, ұлы тұлғаның ел үшін қашанда маңызы зор екендігін алға тартты.

Абайдың әрбір сөзі – ұрпаққа қалдырған өсиет. Ұлы ойшыл өзінің Қара сөздері арқылы адам болмысы, білім, еңбек, мінез, тәрбие және ел болашағы туралы ой қозғады.

Ілкімді іс-шарада кітапхана қызметкерлері, оқырмандар Абай өлеңдері мен қара сөздерінен үзінділер оқып, ақыл – парастат иесінің өшпес мұрасын еске салып, мәртебесін асқақтатты.

blank

«Облысымыз бойынша Абай атамыздың екі ескерткіші бар. Соның бірі Арқалық қаласында орналасқан. 10 тамыз – хакім Абайдың туған күніндегі іс – шараға байланысты гүл шоқтарын қойып, ұлы ақынның рухына тағзым ету мақсатында жиналып отырмыз. Президентіміздің басшылығымен ұлтты қалай қалыптастыру керетігі туралы мәселе көтерілді. Ол «Кітап оқитын ұлт» қағидасы. «Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге» деп ұлы Абай айтып кеткендей барша елімізге тұтқа болар азаматтарды кітап оқуға шақырамын», — дейді кітапхана басшысы Сәуле Ахметқызы.

 Мұрат Жүнісұлы

Суреттерді түсірген – автор

                                                                                                           Арқалық қаласы