ХХХІХ – шы облыстық жазғы спартакиаданың ұлттық асық ойыны жарыстары да аса қызғылықты өтіп жатыр.
Ойынның бұл түрлері 70 жылдығын атап өтіп жатқан арайлы Арқалық қаласының Қазақстан спорт орталығы мен №7 – ші Келешек мектептің спорт залында көрініс тапқан.

«Асық ату», «бес асық» деп бөлінген ойындарда ерлер және әйелдер командалары бөлек-бөлек жайғасқан.

Ептілік пен мергендік сынға түскен сайыста кім-кімнің де есе жібергісі келмейтінің белгілі. Алайда, «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» дегендей кімнің мәре сызығын бірінші болып кесетінін уақыт көрсетеді.
Жарысқа нық әзірленіп келгендердің қатарынан Ұзынкөл ауданының спортшыларын да көруге болады.
Жалпы, облыс бойынша асық ойындарынан 19 команда төбе көрсетуде. Жарысқа 3 ер бала және 2 қыз баладан қатысуға ниет еткен.

«Жарыс өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Барлық спортшыларға тек қана сәттілік тілейміз», – дейді Ұзынкөл аудандық асық ату және қазақ күресінен аға бапкері Медет Әділбекұлы.
Оның айтуынша, аудан жастары ұлттық ойынға қызығушылық танытып жылма жыл жақсы көрсеткіш көрсетіп келеді. Мәселен, Қарабалық ауданында өткен спартакиадада есе жіберсе, Денисов ауданында 15-ші орынға тұрақтаған.
«Биыл сәтін салса ондыққа ілігеміз деген ойдамыз», – дейді аға бапкер.
Кәмила Ералина Алтынсары ауданынан келген ойыншы. Асық ойындарымен айналыса бастағанына 6 жылдың жүзі болған. Ол ІІІ разрядты спортшы. Алдағы жылы спорт шебері атағын алуға үмітті.

«Асық ойыны маған өте ұнайды. Осы ойынмен шұғылданып жақсы нәтижеге жеткен кісілер көп. Өзім республикалық жарыстарда Қостанай облысының намысын қорғап жүрмін», – дейді Қостанай жоғары педагогикалық колледжінің ІІ курс студенті.
Мұрат Жүнісұлы
Суреттерді түсірген – автор
Арқалық қаласы
