Арқалықта облыстық спартакиаданың ашылу салтанаты өтті

Арқалықта облыстық спартакиаданың ашылу салтанаты өтті

Бүгін XXXIX облыстық спартакиаданың алауы жағылды.

Арқалықтың 70 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келген айтулы оқиғалардың бірі — дүбірлі спорт мерекесі.

Биылғы спартакиадаға облыстың барлық өңірінен бірнеше спортшы қатысып жатыр. «Жігер» стадионында барлық команданың салтанатты шеруі өтті.

blank blank blank blank blank blank blank blank blank

Командаларды алаңға әр аудан-қаланың әкімі бастап шықты. Оларды сахна төрінде арқалықтық суырыпсалма ақындардың кезектесіп өлеңмен таныстырып отыруы да бір ерекшелік болғандай.

 

blank blank blank blank blank

Одан соң сайыпқыран спортшыларға спартакиада алауын жағу құрметі ұсынылды. Спортшылар қауымы мен қалың жұртшылықты облыс әкімі Құмар Ақсақалов құттықтады.

blank

«Бүгін Арқалықтың қонақжай топырағына дәстүрлі спартакиада араға жиырма жыл салып қайта оралып отыр. Спорт — бұл денсаулықтың кепілі. Саламатты өмір салтын ұстану — қоғамның басты құндылығы. Бұл дода осы ізгілікті насихаттап, ұлттың денсаулығын нығайту мақсатында өткізіледі. Соңғы үш жылда 30 спорт нысаны салынды. Бүгінде тағы жетеуінің құрылысы жалғасып жатыр. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады. Ал енді сайысқа түскелі отырған командаларға сәттілік тілеймін!» – деді Құмар Іргебайұлы.

Ізін ала өңір басшысы Арқалықтың жоғары білікті жаттықтырушыларын, спорт ардагерлерін Құрмет грамотасымен және ақшалай сертификатпен марапаттады.

blank

Мерейтойдың құрметті мейманы, Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев қала халқына жүрекжарды құттықтауын жолдады.

blank

Бұдан соң жанарды жаулап, көңілді баурайтын қойылым назарға ұсынылды. Соңы көпшілік асыға күткен эстрада әншілерінің концертіне ұласты.

blank blank blank blank

Әбдіжаппар Әлқожа, Баян Сұлу, Медет Шәйкелов, Иван Бреусов бастаған жарық жұлдыздар әсем әннен шашу шашты. Көңілді кеш мерекелік отшашумен аяқталды.

Жандос Балғынбекұлы

Суреттерді түсірген Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ