23 тамызда Қазақстан азаматтары Құрылтай депутаттарын сайлау үшін дауыс береді.
Осы маңызды саяси науқан аясында Қостанай облысында сайлау процесін ұйымдастыруға бағытталған барлық қажетті дайындық жұмыстары жүргізілуде.
Өңірде 716 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Азаматтардың сайлауға қатысуына қолайлы жағдай жасау үшін учаскелердің материалдық-техникалық дайындығы қамтамасыз етілген, ал сайлаушылар тізімдері заңнама талаптарына сәйкес қалыптастырылған.
Әрбір сайлаушы 7 тамыздан бастап өзінің тізімге енгізілгенін тексеріп, сайлау учаскесінің мекенжайын біле алады. Бұл үшін ресми интернет-сервистерді немесе 1315 бірыңғай анықтамалық нөмірін пайдалануға болады.
Заңнамада түрлі өмірлік жағдайлар да ескерілген. Егер азамат дауыс беру күні өз учаскесіне келе алмайтын болса, есептен шығару куәлігін рәсімдеу мүмкіндігі қарастырылған. Ал денсаулығына байланысты немесе өзге де объективті себептермен келе алмайтын азаматтар үшін тұрған жерінде дауыс беру ұйымдастырылады.
Әрбір азаматтың таңдауы – елдің қоғамдық-саяси дамуына қосқан үлесі. Сондықтан сайлау күні дауыс беруге қатысу – азаматтық жауапкершіліктің маңызды көрінісі.
