Егер сайлаушы өзінің тіркелген жеріндегі учаскеге келе алмайтынын алдын ала білсе, дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігін ала алады.
Ол үшін учаскелік сайлау комиссиясына жеке басын куәландыратын құжатпен жүгіну қажет. Құжатты алған азамат Қазақстан Республикасының кез келген сайлау учаскесінде дауыс бере алады.
Алайда бір елді мекеннің шегінде есептен шығару куәлігі берілмейді.
Сайлаушыларға бұл мүмкіндікті алдын ала пайдаланып, қажетті құжатты дауыс беру күніне дейін рәсімдеу маңызды.
