«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бағдарламасы аясында қалада түрлі іс – шаралар көрініс тауып, тұрғындардың ыстық ықыласына кенелуде.
Бұл жолы Арқалық қаласының белсенді балақайлары өздері тұратын мекенжайларындағы аулалар мен балалар ойын алаңдарын қоқыстан тазартты.
Табиғатты аялауға деген жауапкершілікті кішкентай кезінен қалыптастыруды мақсат еткен науқанға қатысқан балдырғандардың еңбегі еленіп, оларға тәтті балмұздақтар тарту етілді.
«Елімізде осындай игі бастамалар арқылы жас ұрпақтың бойында қоршаған ортаға деген жанашырлық, тазалық мәдениеті мен экологиялық жауапкершілік қалыптасады. «Таза Қазақстан» акциясы – бұл барша тұрғынды туған жердің тазалығына бірге үлес қосуға үндейтін маңызды бастама», – дейді ұйымдастырушылар.

«Таза аула» экологиялық іс-шарасы «Жалын» жастар ұйымы» ҚБ – нің қолдауымен жүзеге асты.
Мұрат Жүнісұлы
Арқалық қаласы
