Газ саласында электрондық құжат жүйесі енгізілді

Газ саласында электрондық құжат жүйесі енгізілді

ҚР Энергетика министрлігі «ҚазМұнайГаз» ҰК» акционерлік қоғамының мұнай өнімдерін өткізу саласында заманауи цифрлық шешімдерді енгізе бастағанын хабарлады.

Негізгі құралдардың бірі ретінде Келісімшарттық құжат айналымы жүйесі (КҚАЖ) енгізіліп, сатып алушылармен өзара іс-қимылдың негізгі үдерістері электрондық форматқа көшірілді.

▪️«Бүгінде КҚАЖ арқылы компаниялар мұнай өнімдерін сатып алуға өтінім бере алады. Электрондық цифрлық қолтаңба арқылы келісімшарттарға қол қояды, жанармай алуға қажетті құжаттарды рәсімдейді және барлық операциялардың тарихын бірыңғай жүйеде қадағалайды. Бұл мәмілелерді рәсімдеу мерзімін едәуір қысқартып, қағаз құжат айналымының көлемін барынша азайтуға мүмкіндік берді. Жүйе іске қосылғалы бері 6 млн тоннадан астам мұнай өнімін жеткізуге арналған 9 мыңнан астам электрондық келісімшарт жасалды», – делінген ресми мәлімдемеде.

▪️Қазіргі уақытта мұнай өнімдерін цифрлық бөлу тетігі енгізіліп жатыр. Жаңа тәсіл автожанармай құю станциялары және басқа да өткізу арналары арқылы жанармайдың нақты сатылуы туралы объективті деректер негізінде шешім қабылдауға көмектеседі.

▪️Осы мақсатта КҚАЖ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйелерімен бірігу үстінде. Бұл ресурстарды бөлу жұмыстарының барынша ашықтығын қамтамасыз етеді. Жеткізілімдерді басқару тиімділігін арттыруға және субъективті факторлардың ықпалын болдырмауға мүмкіндік бергелі тұр.

▪️Осы жүйеде салықтық құпияны құрайтын мәліметтерді ұсынуға келісімді электрондық түрде қол қою мүмкіндігі іске асырылды. Бұл арқылы контрагенттерге салық заңнамасының талаптарына сәйкес қажетті ақпаратты толықтай қашықтан ұсыну көзделген.

▪️Бұл жүйе еліміздің ірі мұнай өңдеу зауыттарында – Атырау, Павлодар және Шымкент мұнай өңдеу зауыттарында біртіндеп енгізіліп жатыр. Қазіргі уақытта кәсіпорындар мұнай өңдеуге өтінімдерді электрондық форматта беріп, келесі кезеңде мұнай өңдеуге арналған келісімшарттарды толықтай цифрлық форматта жасауға көшіру жоспарланған.

▪️