Түркітілдес журналистер қоры мен Қазақстан Әйел журналистер клубы 2026 жылдың 16 қыркүйегінде Стамбұлда Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясы және Стамбұлдағы Түркі халықтарының мәдени ауылымен бірігіп, түркі әлемі журналистері арасында Тоғызқұмалақтан халықаралық турнир ұйымдастырады.
Турнирге Қазақстан, Түркия, Қырғызстан, Әзірбайжан, Өзбекстан, Еуропалық одақ құрамындағы елдердегі түркі журналистері қатысады.
Басты мақсат — қазақтың ғана емес, түбі бір түркіге ортақ рухани құндылық саналатын тоғыызқұмалақты барынша кеңінен насихаттау.
Халықаралық сайыс Түркітілдес журналситер қоры мен Қазақстан Әйел журналистер клубының 2026 жылдың 12-18 қыркүйегінде Түркияның мәдени астанасы — Стамбұлда өткізетін “Bosphours media meeting: Стамбұл басқосуы” жобасы шеңберінде өтеді.
Сонымен қатар жоба бағдарламасында VII Халықаралық түркітілдес журналистер медиафорумы болады. Түркі әлемінің ортақ ақпараттық кеңістігін қалыптастыру, түркі журналистері арасында жедел ақпарат алмасу, түбі бір түркіге ортақ рухани құндылықтарды насихаттау т.б. маңызды мәселелерді талқыға салатын Медиафорумға Қазақстан, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Германия, Бельгия, Швейцария, Франция, Солтүстік Кипр т.б. елдерден журналистер, БАҚ басшылары, медиа саласындағы ұйымдардың жетекшілері мен өкілдері, халықаралық ұйымдардың өкілдері, Қоғам қайраткерлері, депутаттар, PR менеджерлер, баспасөз хатшылары, ЖОО ректорлары, журналистика факультетінің декандары мен мұғалімдері т.б. қатысады. Медиафорум соңында түркі әлемінің бірлігін нығайтуға үлес қосып жүрген азаматтарға арнайы марапттар тапсырылады.
Жобаға қатысушылар Стамбұлда пресс тур, Түркия бұқаралық ақпарат құралдарында тәжірибе алмасу, жергілікті биік басшыларымен ресми кездесулер, Мәрмәр теңізінің ортасындағы Бүйүкада аралына экскурсия, Бұғаз туры т.б. қатысады.
Жоба барысында Стамбұлдың көрнекі жерлерінен сториз, рилз дайындаудан байқау болады. Жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар мен дипломдар табысталады. Әріптестерді жобаға қатысуға шақырамыз!
Толық ақпарат үшін: +7 778 878 3408 (WhatsApp)
