Бұл жолы «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» атты БАҚ өкілдері арасындағы өңірлік байқаудың жеңімпаздары марапатталды.
Байқау «Арқалық қаласы әкімдігінің аппараты» ММ-нің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Парасаттылық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру» жобасы шеңберінде «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!»* атты өңір БАҚ өкілдері арасында ұйымдастырылған.
Іс-шараны өткізудегі мақсат – қоғамда адалдық, ашықтық және әділдік қағидаттарын насихаттауға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға өз үлесін қосып жүрген бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің еңбегін бағалау және үздік журналистік материалдарды көпшілікке үлгі ету.
Байқауға Торғай өңірінің, атап айтқанда Арқалық қаласы, Амангелді және Жангелдин аудандарында қызмет атқаратын журналистер, баспа және электрондық БАҚ редакциялары, сондай-ақ авторлық медиа жоба жетекшілері қатысты.
Салтанатты шақта жоба жетекшісі Алиасхаб Магомедов жоба аясында атқарылған жұмыстар туралы баяндап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы ақпарат құралдарының ерекше рөл атқарып жүргенін тілге тиек етті.
Арқалық қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Азамат Сұлтанбеков қатысып, үздік деп танылған журналистерге арнайы дипломдар мен сыйлықтарды табыстады.
Марапатталғандар тізімі төмендегідей:
«Баспадағы үздік материал» номинациясы – Ақбаян Теміржанова, облыстық *«Қостанай таңы» газетінің Амангелді ауданындағы меншікті тілшісі;
«Телевидениедегі үздік сюжет» номинациясы – Оразхан Зейнолла, Арқалық қалалық «Арқа Дидары» телеарнасының бас редакторы;
«Әлеуметтік желідегі үздік материал номинациясы – ІNSPIRE NEWS жаңалық парақшасы;
«Әлеуметтік желідегі үздік материал»номинациясы – Бақытжан Алкебаев, «Біздің Арқалық» парақшасының медиа-блогері;
«Баспадағы үздік материал» номинациясы – Байбатыр Ахметбеков, Жангелдин аудандық «Торғай тынысы» газетінің бас редакторы.

Өз кезегінде байқауға қатысушылар ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдіріп, мұндай байқаулардың кәсіби журналистиканы дамытуға және қоғамда адалдық құндылықтарын нығайтуға зор серпін беретінін атап өтті.
Мұрат Жүнісұлы
Арқалық қаласы
