ЖЫР БОЛЫП ӨТКЕН ЖАРҚЫН ҒҰМЫР. Торғайда өткен тағылымды кеш

ЖЫР БОЛЫП ӨТКЕН ЖАРҚЫН ҒҰМЫР. Торғайда өткен тағылымды кеш

Торғайда Қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, ақын-журналистК еңшілік Ағытайұлы Мырзабековтің туғанына 80 жыл толуына арналған еске алу кеші өтті.

Кеңшілік Мырзабеков – Торғай топырағы түлеткен таланттардың бірі. Оның жырлары туған жердің жұпар иісін аңқытқан, қазақы болмыстың қадір-қасиетін ардақтаған, адам жанының терең иірімдерін толғаған асыл дүниелер.

Ақын рухына тағзым ету, оның әдеби мұрасын ұлықтау, кейінгі ұрпаққа насихаттау мақсатындағы тағылымды еске алу кешіне,ақынның ұлы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының және «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығының лауреаты, әдебиет сыншысы, публицист Амангелді Кеңшілікұлы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, белгілі ақын Дәурен Берікқажыұлы, Тәттімбет атындағы ІІІ республикалық күйшілер байқауының Гран-при иегері, дарынды күйші Қайрат Айтбаев, Қазақстан Жазушылар одағының мүшелері, Ақпарат саласының үздігі, ақын Мұхарбек Жәкейұлы, ақын Абылай Мауданов, ақын Батырлан Сағынтаев, Кеңшілік ақынның отбасы мүшелері Ләззат Жүнісова және Мағжан Кеңшілікұлы қатысты.

Кеңшілік Ағытайұлы Мырзабеков 1946 жылы 6 маусымда Қостанай облысы, Жангелдин ауданының Жәнібек Тархан ауылында дүниеге келген.

Торғайдың кең даласында кіндік қаны тамған болашақ ақын бала кезінен әдебиетке құмар болып өсіп, кейін Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетінде білім алады.

Ол журналистика саласында да өнімді еңбек етіп, республикалық басылымдарда қызмет атқарды. Қаламгердің мақалалары мен очерктері уақыт тынысын дәл бейнелеп, оқырман ықыласына бөленді.

Ал ақындық әлемінде «Іңкәр дүние», «Сәруар», «Қасиетті қас қағым», «Дәуір-дастан» секілді жыр жинақтары арқылы ұлттық әдебиетіміздің алтын қорына қомақты үлес қосты.

Кеңшілік Мырзабеков – қазақ әдебиетінде өзіндік қолтаңбасын қалыптастырған, туған ел мен туған жердің қасиетін жырға қосқан көрнекті қаламгер.

Ақынның шығармашылығы жайында ел әдебиетінің ардақты өкілдері де әрдайым жоғары бағасын беріп келеді.

Еске алу кешінде Қазақстанның көрнекті жазушысы, әдебиет зерттеушісі, тарихшы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңіргенқайраткері Қойшығара Салғараұлы, белгілі журналист, әдебиеттанушы, кино сыншысы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Сауытбек Абдрахманұлының кешке арнайы жолдаған бейнежолдаулары тыңдалды. Ақын мұрасын ұлықтау – ел руханиятына көрсетілген құрмет.

Тағылымды кеште Жангелдин ауданының әкімі Дінмұханбет Бидашев қонақтарға сый-құрмет көрсетіп, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаевтың құттықтау хаты оқылды.

Поэзияның ғұмыры – оны оқитын ұрпақпен өлшенеді. Кеңшілік ақын мұрасы бүгінгі жас буынның жүрегінен орын тауып келеді.

blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank

«Кеңшілік оқулары — 2026» шығармашыл жастар байқауының Бас жүлде иегері, Қызбел ауылы Міржақып Дулатов атындағы жалпы білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы Назерке Серікқызы ақын шығармасынан үзінді оқыды.

Мұрат Жүнісұлы

Суреттерді түсірген — автор

Жангелдин ауданы.