Амангелдіде «Түйме қыз – 2026» байқауы жалғасын тапты

Амангелдіде «Түйме қыз – 2026» байқауы жалғасын тапты

Бүлдіршіндер байқауы нағыз мерекеге айналды. Кішкентай арулардың сахнадағы еркіндігі, өнері мен тапқырлығы көпшіліктің көңілінен шығып, ерекше әсер сыйлады.
Ауданның әр ауылынан келген 12 бүлдіршін қыз бес кезең бойынша өз бақтарын сынап, өнерлерін ортаға салды. Әсіресе олардың өздерін таныстыруы, ұлттық құндылықтарды дәріптеп, ине-жіп ұстап, көрпе төсеудегі икемділіктері мен сахнадағы шынайы өнерлері көрермендерді тәнті етті.

Әрбір қатысушы өзінше ерекше, өзінше сұлу. Бүлдіршіндердің бойынан қазақ қызына тән ибалық пен тәрбиенің, өнер мен әдептің көрінісін байқадық.

Байқау қорытындысында бас жүлдені «Қаламқас» бөбекжайының тәрбиеленушісі  Аруна Ернатқызы иеленіп, «Түйме қыз – 2026» атанды.

blank blank blank blank blank blank

 

blank

blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank

Осындай тағылымды байқаулар арқылы бүлдіршіндеріміздің бойындағы таланттары ашылып, ұлттық салт-дәстүрге деген құрметі арта түсетіні сөзсіз.