Қостанайда «Таза ойындар» акциясы жалғасын тапты

Қостанайда «Таза ойындар» акциясы жалғасын тапты

«Неко» қоғамдық қорының жетекшісі Наурызбек бірмағамбетовтің айтуынша – биыл бұл жарыстың өткізіліп келе жатқанына үшінші жыл. Бұл жолы ұйымдастырушылар Тобыл жағалауынан орын тепкен «Ақ шаңырақ» мейрамханасының маңайын таңдап алыпты.

blank

«Бүгін осы жарыстың көмегімен жарты қоқыс  шығарамыз деген ойымыз бар. Жерді өзіміз таңдап алдық. Осы жолғы бағытымыз қаланың сыртына тоқталды. Себебі, қаланың ішіне апта сайын сенбілік жұмыстары жүргізіліп тұрады», – дейді Наурызбек Бірмағамбетов.

Ол жерге бірқатар еріктілер мен Тобыл-Торғай инспекциясы  өз үлестерін қосты.

blank blank blank blank blank blank blank blank

«Мөлдір бұлақ» бағдарламасы арқылы өтіп жатқан акцияны Ikomek ұжымы көлікпен қамтасыз етіп келеді. «Жанұя» отбасы ұжымы, Экология департаменті өкілдері, Қостанай өңірлік университетінің тәжірибеден өтіп жатқан студенттерімен қатар Жастар ресурстық орталығы мамандары да  бақтарын сынауға келіпті.

blank

«Бүгін біз де бір команда болып келіп отырмыз. Жыл сайын өтетін «Таза ойындар» ойыны экологиялық акцияға да жатады. Бір сөзбен айтқанда ֪–жарыс ретінде қаламызды тазалау мақсатында өтетін ойын. Әрбір қоқыстың өзінің берілетін балы болады. Үлкендеу резиналарды әкелетін болсақ, бес балдық шкаламен өлшенеді. Сол арқылы жеңімпаз анықталады. Басты мақсат – қоқысты жинау. Қай қоқыс қай категорияға жататынын білеміз. Бес адамнан он адамға дейінгі команда алып келуге болады. Осыған дейін эко сенбіліктер өтіп келшен. Мұның басты ерешелігі жарыс түрінде өтетіндігі. Бұл жерде физикамен қатар азарт қосылады. Қатысушылардың эколологиялық білімі артады. Бұның барлығы алып келгенге мәдениетке әкеледі», – дейді жастар ресурстық орталығының сектор меңгерушісі Сымбат Манатова.

Мәселен, пластикалық қалдықтардың бір қапшығына  15, алюмин банкке 10, шыны қалдықтары үшін 5 ұпай беріледі. Қалған қалдықтарға 2,3 балдық көрсеткіш көрсетілген. Сыйлыққа тағам өнімдері беріледі.

Маман қазір бастапқыға қарағанда жастардың экологиялық мәдениеті бір саты жоғарылағанын айтады.

Айбек ЖҮЗБАЙ

Суреттерді түсірген Василий Васильев