Ұрланған телефондарды сатып алғаны үшін жауапкершілік бар

Ұрланған телефондарды сатып алғаны үшін жауапкершілік бар

Қазақстанда ұялы телефон ұрлығы мен қалта ұрлығының саны азайып келеді.  Polisia.kz мәліметінше, жыл басынан бері ұялы телефон ұрлығы 40%-ға төмендеген.

Полицейлер осындай 900-ден астам қылмысты ашқан. Ұрланған телефондар иелеріне қайтарылған. 700-ден астам адам жауапкершілікке тартылған. Сондай-ақ ұялы телефон ұрлығымен айналысқан 12 қылмыстық топтың жолы кесілген.

«Ұрланған техниканы өткізетін орындарға ерекше назар аударылуда. Мысалы, Алматыда бұрын сотталған ер адам ұсталды. Одан 30-дан астам ұрланған телефон тәркіленді. Ұрланған мүлікті сатып алу және қайта сату қылмыстық жауапкершілікке әкеледі. Полицейлер азаматтарды қоғамдық орындар мен көлікте жеке заттарына мұқият болып, сақ жүруге шақырады. Заң мен тәртіп әр адамның жеке жауапкершілігінен басталады», – деп еске салады ІІМ.

Олжас Ғабдімәлік,

ҚӨУ студенті