2017 жылғы 12 қазанда Мемлекеттік қызметтер тізіліміне енгізілген өзгерістерге сәйкес, Сот әкімшілігінің аумақтық бөлімшелері «Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызметін көрсетуге уәкілетті болды.
Бұл қызмет азаматтар мен заңды тұлғалардың шетелде пайдаланылатын сот құжаттарының заңды күшін растауғ амүмкіндік береді.
Апостиль – құжаттың түпнұсқалығын халықаралық деңгейде растайтын арнайы мөр. Ол құжатқа қойылған қолдың, мөрдің немесе лауазымды тұлғаның өкілеттігінің шынайылығын куәландырады. Апостиль қойылған құжат 1961 жылғы Гаага конвенциясына қатысушы мемлекеттердің аумағында қосымша заңдастырусыз жарамды болып есептеледі.
Апостиль қазақ тіліндегі көлемі кемінде 9х9 сантиметр болатын төртбұрышты мөр табан түрінде рәсімделеді. Онда міндетті түрде «Apostille» атауы және 1961 жылғы Гаага конвенциясына француз тіліндегі сілтеме көрсетіледі.
Аталған мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің орталық аппараты мен облыстардағы, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы аумақтық органдары көрсетеді. Қызмет жеке және заңды тұлғаларға қолжетімді.
Апостиль қою қызметі ақылы негізде жүзеге асырылады. Мемлекеттік баж мөлшері – айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) 50 пайызы. Қызмет нәтижесі қағаз нысанында беріледі.
Өтінішті қағаз жеткізгіште немесеe Gov электрондық үкімет порталыарқылы онлайн түрде жолдауға болады. Электрондық форматта өтініш берген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне өтініштің қаралу мәртебесі туралы хабарлама жіберіледі.
Апостиль қойылған құжат қосымша куәландыруды немесе консулдық заңдастыруды талап етпейді. Сондықтан мұндай құжат Гаага конвенциясына қатысушы кез келген мемлекетте ресми түрде қолданыла алады.
Осылайша, сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою – халықаралық құқықтық қатынастарда құжаттардың заңды күшін қамтамасыз ететін маңызды мемлекеттік қызметтердің бірі.
Арман ШАЙМЕРДЕНОВ
Сот әкімшілігінің Қостанай облысы бойынша
департаментінің бас маманы
