Қостанай қаласының әкімі Марат Жүндібаев журналистерді кәсіби мерекемен құттықтады

Қостанай қаласының әкімі Марат Жүндібаев журналистерді кәсіби мерекемен құттықтады

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында Қостанай қаласының әкімі Марат Жүндібаев журналистерді кәсіби мерекемен құттықтады.

Бүгін қалалық әкімдікте өткен аппарат жиналысында шаһар басшысы журналистер қызметінің маңыздылығын атап өтті. Ақпарат саласының үздіктеріне алғыс білдіріп, шығармашылық табыс тіледі.

– Журналистер билік пен халық арасын байланыстырып тұрған алтын көпір. Біз тілшілер арқылы халықтың үнін, мұң-мұқтажын естиміз. Сондықтан, ақпараттандыру бағытындағы сіздердің еңбектеріңіз ұшан-теңіз. Құрметті журналистер, сіздерді келе жатқан кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын, – деді қала әкімі Марат Жүндібаев.

Қала басшысы бірқатар тілшілерге құрмет грамотасы мен естелік сыйлықтар табыстады. Марапат иелерінің арасында біздің әріптесіміз, газетіміздің тілшісі Қымбат Досжанова да бар.

Барша БАҚ қызметкерлерін келе жатқан төл мерекемен құттықтаймыз.

 

Жаңалықтармен бөлісу