Фёдоров кентінде Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының қамқорлығындағы азаматтарға арналған «Жомарт жан» қайырымдылық акциясы өтті.
Акция аясында орталықтың қызмет алушыларына «Жастар» аудандық мәдениет үйінің әртістері концерттік бағдарлама ұсынды.
Іс-шараның арнаулы қонақтары «Шарқ» тәжік этномәдени орталығының өкілдері болды. Олар орталық ауласында дәстүрлі тәжік палауын әзірлеп, жиналған көпшілікке тарту етті. Дәмді ас жомарттықтың, қонақжайлықтың және мәдени дәстүрлерге деген құрметтің белгісіне айналды.

Іс-шара жылы әрі көтеріңкі көңіл-күйде өтті. Орталықтың қызмет алушылары ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, көрсетілген қамқорлық пен назарды жоғары бағалады. Жанды музыка мен еркін форматтағы қарым-қатынас ерекше мерекелік көңіл күй сыйлады.
«Жомарт жан» қайырымдылық акциясы түрлі мәдениет өкілдерін біріктіріп, қоғамдағы келісім мен өзара түсіністікті нығайтудың жарқын үлгісіне айналды.

