Республикалық «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында санитарлық тазалық айлығы осындай мерзімге белгіленді.
Акцияны коммуналдық кәсіпорындар – «Костанай Су» мен жылу электр компаниясы қызметкерлері бастап берді.

Узкоколейный полигонынан Киевский көшесіне дейінгі аумақта тазалық жұмыстарын жүргізді. Экологиялық шараға шамамен 100-ге жуық адам қатысып, белгіленген аумақты қоқыстан тазартуға белсенді атсалысты.

Сенбілік барысында жиналған тұрмыстық қалдықтар арнайы техникамен шығарылып, Солтүстік қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына жеткізілді.
Қатысушылар аумақты абаттандыруға үлес қосып, қоршаған ортаның тазалығын сақтаудың маңыздылығын көрсетті.
Мұндай шаралар қаланың санитарлық жағдайын жақсартуға ғана емес, сонымен қатар тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға, табиғатқа деген жауапкершілігін арттыруға бағытталған.
