Қостанай облысының Журналистер одағы БАҚ қызметкерлерін журналистер аллеясында өтетін сенбілікке шақырады.
Экологиялық шара 9 сәуір, бейсенбі күні сағат 15:00-де өтеді. БАҚ қызметкерлері өздерімен бірге қолғап алып келіп, сенбілікке қажетті құралдарын да ала келуі тиіс.
Аллея Қозыбаев көшесінің Павлов пен Дощанов көшелерінің арасындағы бөлігінде орналасқан.
Естеріңізге сала кетейік, аллея «Халықтық қатысу бюджеті» жобасы аясында абаттандырылып, 2025 жылдың көктемінде пайдалануға берілген.
Демалыс орнын бірге ретке келтірейік!
