ҚазАқпарат мәліметінше, Парламент Мәжілісінің қарауына «Жеке детективтік қызмет туралы» заң жобасы мен ілеспе құжаттар келіп түскен.
– Аталған үш заң жобасының басты мақсаты – азаматтардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мүмкіндігін кеңейту және елімізде жеке детективтік қызмет институтының құқықтық негізін құру. Заң жобалары жеке детективтік қызметтің негізгі ұғымдарын, сондай-ақ оны жүзеге асыру қағидаттарын, міндеттері мен тәртібін көздейді, – деді депутат Снежанна Имашева Мәжілістің жалпы отырысында
